фото: Ulysmedia.kz. Суретте: Перизат Нұрымова
Талғарда қаза тапқан Шерзат Нұрқанаттың әпкесі Перизат Нұрымова марқұмға қатысты тың мәліметпен бөлісті. Оның айтуынша, Нұрқанаттың өліміне дейін жолданған қоштасу хатын бауырының өзі жазбаған, ал қолында бұған қатысты нақты дәлелдері бар.
Бұл туралы Перизат Нұрымова «Қазақ Айранға» берген сұхбатында мәлімдеді:
«Бір күдік менің өзіме келетін, біз бес ағайындымыз, төртеуімізге ғана хабарлама келеді. Кішкентай сіңіліме хабарлама келмейді. Неге? Менің күдігім – оны білмейтін адам жазды. Қазіргі таңда ғана біздің бес ағайынды екеніміз енді біліп жатыр. Алайда бесінші кім екенін білмейді. Атын атамаймыз, түрін түстемейміз. Ол студент, сондықтан сол үшін өмірде қорқамыз. Бізсіз де достарымен жүретіні бар, басқасы да бар – қауіптенеміз. Оны Мейірман аға да біледі. Біздің бес ағайын екенімізді білмейтін адам жазған. Біріншіден, бесінші адамның кім екенін білмейтін адам. Білсе де, оған да хабарлама жазар еді. Сіңілімнің Шерзаттың арасы екі-ақ жас», – деді Перизат Нұрымова.