фото: olympic.kz. Суретте: Ерасыл Сәулебеков
Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Ерасыл Сәулебеков топ жарды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәулебеков қоссайыс нәтижесі бойынша 344 (153+191) келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.
Күміс жүлде өзбекстандық Бекзод Гофиржоновқа бұйырды – оның нәтижесі 341 (151+190) келі. Ал үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши 338 (152+186) көрсеткішімен еншіледі.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 8 шілдеде жеңіп алған екінші алтын медалі. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірім қыздар арасында чемпион атанған болатын.