Қуан, қазақ елі: қазақ зілтеміршісі ел қоржынына тарихи алтын жүлдені салды

Қуан, қазақ елі: қазақ зілтеміршісі ел қоржынына тарихи алтын жүлдені салды

фото: olympic.kz. Суретте: Кира Данилова

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында кезекті жарыс күні табысты аяқталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл жолы 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірім қыздар арасында бәсеке өтті. Қазақстан құрамасының атлеттері бұл сайыста сәтті өнер көрсетіп, екі жүлдені жеңіп алды.

Қоссайыс қорытындысы бойынша 198 келі (87+111) көтерген Кира Данилова чемпион атанып, алтын медаль иеленді. Ал оның командаласы Софья Шальгина 175 келі (82+93) нәтижемен үшінші орынға тұрақтады.

Күміс медаль Өзбекстан өкілі Динура Холдороваға бұйырды – ол жалпы есепте 186 келіні (81+105) бағындырды.