«Туылмаған балаға той жасар»: Елдос «Колобоктың» гендер патиі сынға ұшырады (ВИДЕО)

«Туылмаған балаға той жасар»: Елдос «Колобоктың» гендер патиі сынға ұшырады (ВИДЕО)

Тоғыз жылдан кейін ата-ана атанғалы отырған әзілкеш Елдос «Колобок» болашақ сәбиінің жынысын жариялау салтанатын үлкен тойға айналдырып, жұрттың назарына ілікт.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан байқағандай, гендер пати әдеттегіден тыс ауқымды түрде ұйымдастырылып, кәдімгі үйлену тойына бергісіз өткен.

«Gender Party кәдімгі үлкен той болып кетті. Жібердік биді», – деп жазды продюсер Әден Марғұлан.

Дегенмен тойланған бұл қуанышқа қатысты көпшілік әртүрлі пікір білдірді. Кейбірі бақыт тілеумен қатар, көз тимесін деп сақтандырса, енді бірі «туылмаған балаға той жасаудың» орынсыз екенін айтты.

«Көп аспаңдар, көз тиеді»,
«Әлі тумаған баланы жуудың не қажеті бар? Аман-есен қолдарыңа алған соң жасасаңдар жарасады»,
«Тіл-көз бар, абай болыңдар», – деп жазды олар.