2025 жылғы 8 шілде күні сағат 14:30-да (Астана уақытымен) Жамбыл облысында 6 баллдық жер сілкінісі сезілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлім етті.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Сейсмикалық дірілдің шамаланған күші (МSК-64 шкаласы бойынша):
Құлан ауылы – 6 балл
Меркі ауылы – 5 балл
Шу қаласы – 3 балл
Сарыкемер ауылы – 3 балл
Төле би ауылы – 3 балл
Тараз қаласы – 3 балл
Аса ауылы – 2 балл
Мойынқұм ауылы – 2 балл
Қордай ауылы – 2 балл
Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 балл
Қаратау қаласы – 2 балл
Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 балл