«Сенсіз маған қиын»: Абай Бегейдің қызы марқұм анасын еске алып жылады (ВИДЕО)

«Сенсіз маған қиын»: Абай Бегейдің қызы марқұм анасын еске алып жылады (ВИДЕО)

фото: SN.kz

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы марқұм анасын еске алып, жүрек тебірентер жазба жариялады.

Сымбаттың айтуынша, анасының өмірден озғанына он жыл толған. Қайғысын ішке бүккен қыз жан тебірентер естелігін Instagram парақшасына жазып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

«Мама, бүгін сенсіз өткен оныншы жыл… Сағындым. Сенің орныңды ешкім баса алмайды. Сенің мейірімің мен құшағыңды ешкім алмастыра алмайды. Анасымен бірге жүрген жандарға қарап қызығамын…
Күні-түні сені ойлап, сағынып, жылап аламын. Келмейтініңді біле тұра, бәрін ішіме бүгіп жүруге тырысамын. Кейде тек 10 секундқа болса да құшақтағым келеді. Осы он жыл сол бір құшаққа тұрар еді… Сен маған ауадай қажетсің, сенсіз бұл өмір маған қиындау. Бірақ уайымдама, мені ешкім ренжітпейді. Әкем – қорғаным, күйеуім – жұбанышым, жанымда жақсы адамдар бар.
Бұл өмір – сынақ. Бір күні бәріміз де Аллаға қайтамыз. Сен Жәннатта болшы, мам, күн сайын Алладан соны тілеймін», – деп жазды Сымбат.