фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Бүгін, 8 шілдеде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында Словенияның "Олимпия" және Алматының "Қайрат" командалары кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Алғашқы матч Словения астанасы Любляна қаласында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды Q League телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, жауапты ойын 15 шілде күні Алматыда өтеді.