фото: instagram.com/gggboxing. Суретте: Геннадий Головкин
Астанада өткен бокстан Әлем кубогы кезінде Геннадий Головкин IBA жазуы бар қолғапқа қол қоюдан бас тартқан сәті бейнеленген видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы және World Boxing ұйымының президенті болып табылатын Головкин жанкүйерге:
– Қарашы, қолғапта не жазылып тұр?
– Не жазылып тұр?
– Көрдің бе, IBA.
– Иә. Бұл ағамдікі, братан ғой.
– Қоя салшы, болмайды, – деп жауап беріп, қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан.
Еске сала кетейік, IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) мен World Boxing – бір-бірімен бәсекелес ұйымдар. Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ның Олимпиада ойындарындағы боксты басқару құқығын тоқтатып, оны World Boxing-ке тапсырған болатын. Бұл процеске Головкиннің өзі белсенді араласқан.