Танымал әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында оқырманы қойған сұраққа шынайы жауап берді,.
Желі қолданушыларының бірі өнер иесінен: «Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?» – деп сұрағанда, Кәмшат бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады.
«Баян Мақсатқызы таныстырды... Дәлірек айтсам, бұл – сол кісінің жобасы», – деп жазды Кәмшат.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева мен қазіргі жұбайы Ғазрет Қажымұқанұлы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы түсірген «Рауза. Сакураның гүлдері» телехикаясында бірге ойнаған. Дәл осы сериал қос ғашықтың өмірін тоғыстырған көрінеді.