«Ағама қарап, бой түзедім»: Головкин бокс ардагері Мұхтархан Ділдәбеков туралы жылы лебізін білдірді (видео)

«Ағама қарап, бой түзедім»: Головкин бокс ардагері Мұхтархан Ділдәбеков туралы жылы лебізін білдірді (видео)

фото: olympic.kz. Суретте: Мұхтархан Ділдәбеков

4 шілдеде Астанадағы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) кеңсесінде ел спортын дамытуға сүбелі үлес қосқан жаттықтырушылар, федерация мүшелері мен спорт саласындағы белді қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Салтанатты шараға ҰОК президенті, Олимпиада чемпионы Геннадий Головкин қатысып, марапаттарды өзі табыстады. Сондай-ақ шара барысында Геннадий Головкин «Қазақстан Республикасы Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі төсбелгісімен қазіргі бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті, Сидней-2000 Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековті марапаттады.

«Мен әрдайым ағама (Мұхтархан Ділдәбекова – ред.) қарап, бой түзедім. Оның Олимпиададағы жолына қарап, үнемі жанкүйер болып отыратынбыз. Сиднейден кейін ол құрамадағы капитандық міндетін бізге, жастарға тапсырып, үміт артқан еді», – деді Геннадий Головкин.