фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Медеу Арынбаев
Танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы жайлы естеліктерімен бөлісіп, көпшілік алдында көңілі босап, көз жасына ерік берді.
Әншінің айтуынша, өмірлік серігінің қалдырған мейірімі мен рухани қуаты оны әлі күнге дейін алға жетелеп келеді.
– Мен өзімді ең бақытты адамның бірі санаймын. Айгүлім маған осындай үлгілі ұл мен қыз сыйлап кетті. Балаларымның амандығы – менің басты бақытым. Соларға дұрыс тәрбие беріп, сағым сынбай, өмір сүруімнің өзі үлкен қуаныш. Мен өмірде тұрақтылықты жоғары бағалаймын. Қиын сәттерде берілмеуге тырысамын. Өйткені Айгүлдің қалдырған жылуы, маған деген сенімі мені әлі де демеп келеді. Ол әрдайым: «Біздің балаларымыз ешқашан қиналмайды. Мен көрген ауырлықты олар көрмейді. Бұған сенемін», – деп қайталай беретін. Осы сөздер мені алға жетелеп келе жатыр, – деді әнші жанарында жас тұнып.
Айта кетейік, Медеу Арынбаевтың жары 2011 жылы дүниеден озған болатын.