фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Жанар Айжанова
Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанова Кореяда өткен Канн кинофестиваліне қатысып, «Азияның ең үздік актрисасы» атағын иеленді. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қуана бөлісті.
Айжанова фестиваль аясында кореялық шоу-бизнес өкілдерімен кездесіп, олардың ішінде жастардың сүйікті актері – «Игра в кальмара» телехикаясымен танылған Им Ши Ванмен де жүздескенін жазды.
«Кореяға барғаным ел арасында хит болып жатыр. Ши Ван балам өзі де мен секілді әрі әнші, әрі актер екен», – деп жазды өнер иесі.