«Жаратқанның ерекше сыйы»: Айқын Төлепберген халыққа сүйінші жаңалығын айтты

«Жаратқанның ерекше сыйы»: Айқын Төлепберген халыққа сүйінші жаңалығын айтты

фото: SN.kz. Суретте: Айқын мен Жұлдыз

Танымал әнші Айқын Төлепберген отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі алдағы уақытта бесінші мәрте әке атанатынын мәлімдеді. Ол бұл жаңалығын өзінің парақшасында сүйінші хабар ретінде жариялады.

"Тағы да әке болмақпын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыдан қалып, баланың иісін иіскеп, ерекше сезімге бөленеміз. Бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Баршаңызға жұғысты болсын", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Айқын көп балалы әке ретінде мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылғанын да сұрап өтті:

"Көп балалы әке ретінде мемлекеттен қандай жеңілдіктер бар? Мысалы, тегін жол жүру, жәрдемақы секілді", – деп сауал тастады әнші.

Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі құттықтап, қуаныштарына ортақтасса, енді бірі әншіні сынап жатты.

"Жұлдызға 'бесінші' деп артық кетіп қалған жоқ па? Ол екі баланың анасы емес пе еді?", "Аман-есен босансын, құтты болсын!", "Дені сау болсын, керемет жаңалық!", "Бүгінгі ең жақсы хабар осы болды", – деп жазды пікір білдірушілер.