фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық жекпе-жектерін тамашалауға арнайы келді, деп Sportinside.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жанкүйерлермен бірге Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бокстан World Boxing Әлем кубогының финалдық кезеңін тамашалап отыр.
Айта кетейік, бұл халықаралық рейтингтік турнирге 29 елден 250 боксшы қатысып жатыр. Турнир қорытындысы Олимпиадаға іріктеу балына әсер етеді.