фото: instagram.com/toregalitoreali. Суретте: Төреәлі Төлепов пен Төреғали Төреәлі
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі, белгілі өнер иесі Төреәлі Төлепов әлеуметтік желіде өз отбасына айтылған сынға қатысты пікір білдірді. Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында кең талқыланып жатыр.
Барлық әңгіме Төреғалидың қарындасы Фариза Төреәлі мен оның күйеуінің әкелері Төреәлі Төлеповке көлік сыйлаған сәттің видеосынан басталған. Бұл игі бастаманы желі қолданушыларының көбі жылы қабылдап, құттықтау тілектерін жаудырғанымен, кейбір қолданушылар көліктің маркасын сөз етіп, теріс пікір білдірген.
Желідегі орынсыз пікірлерден кейін Төреғали Төреәлінің әкесі Instagram парақшасында келесідей жауап қалдырды:
"Жеке пікірінді жеке өзіңе айт. Ал бұл жер көпшіліктің ортасы, ішің тарылып не айтып, сынарынды білмей жазсаң. Өзің әкеңе велосипед алып бердің бе? Не берген болсаң видеоңды салшы?
Біз жақсы сөзімізді жазайық. Не болса да ішіне қыл айналмайтын жан екенсің. Алла аясын! Бұл перзенттері себепкер. Беріп жатқан – Алла! Бұларға жазғаның, Алланың бергеніне қарсы пікірің деп түсін", – деп жазды ол.