Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан ақтық сында Жапония боксшысы Ямагучи Руймен кездесуі керек болған. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты Махмұд Сабырхан Әлем кубогінің чемпиондық атағына қол жеткізді.
World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері бүгін, 6 шілдеде өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады. Финалдық жекпе-жектер екі сессияда – күндізгі (14:00) және кешкі (19:00) уақытта өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай (48 кг) алтын медаль еншіледі.