Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзіне ерекше қымбат Lexus 470 маркалы автокөлігін сатылымға шығарды.
Ол бұл көлікті 2018 жылы автосалоннан сатып алғанын және әлі күнге дейін ерекше жақсы көретінін жасырмады.
“Гүл машинам, күн машинам. Өзім сондай жақсы көремін. Бәрі осы көлікке құмар. Нұрекең де, балалар да күшті машина айдап жүр. Бірақ менің көлігіме құмар. Айдап кете береді. Алыс жолға осы көлікпен шығамыз. Енді Нұрекең “жаңа көлік әперем” дейді. Ысырап болмасын деп сүйікті көлігімді сатқым келеді. 7 жылдың ішінде бұзылған емес, жолда да қалдырмады. Бағасы – 25 миллион теңге. Қолма-қол алатын адам болса, саудаласуға болады”, – деді продюсер.
Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова тек көлікке ғана емес, басқа дүниелерге де әуестігін айтты.
“Иіссуларды өте жақсы көремін. Массаж аппараттарын жинағанды ұнатамын. Бір бөлмеде 3-4 массаж құралы бар. Астанадағы ұлымның үйінде де, Қайраттың бөлмесінде де массаж құрылғылары тұр. Гардеробым өте үлкен емес. Екі қаладағы үйімде де сахналық киімдерім көп. Қыз ұзату, тұсаукесер, келін түсіру сияқты салтанаттарда соларды киемін. Отандық дизайнерлердің және италиялық брендтердің киімдері бар. Аяқ киімдер де жеткілікті. 5-7 см биік өкше киемін. Жемпірлерді қатты ұнатамын. Киімнен гөрі бриллиант жиынтықтарға қызығамын. Сыйлық алғанды да, сыйлағанды да жақсы көремін. Ашылмаған әтірлерім өте көп”, – дейді ол.