фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мақпал Жүнісова
Қазақ эстрадасының мақтанышы, Халық әртісі Мақпал Жүнісова зейнеткерлік жасқа жетіп, ресми түрде демалысқа шыққанын мәлімдеді.
Бұл жаңалығын әнші соңғы өткен концертінде сахнадан халыққа айтып, тыңдарманымен шын жүректен бөлісті.
«Міне, демалысқа шығатын уақыт та келіпті. Зейнеткерлік жасқа жеттік. Бұл — менің зейнеткер ретінде алғаш рет өткізіп отырған концертім», – деді Мақпал Жүнісова сахнада.
Ол өз сөзінде көп жылдар бойы өнерін бағалап, қолдау көрсетіп келген көрерменге алғысын білдіріп, зейнетке шығу — өнермен қоштасу емес, жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті.