«Енді тумаймын!»: Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтты, жұртты алаңдатты

«Енді тумаймын!»: Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтты, жұртты алаңдатты

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Райм мен Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі күндері қалай өтіп жатқанын айтып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

«Босанғаныма 20 күннен асты. Енді аздап шыдасам болды. Бұйырса, бірден қыдыруға шығамын деген жоспар бар. Бірақ үйде де бос жатқам жоқ. Күнде массаж, ағылшын сабағы және сериал. Үйдің үлкендері жан-жақта жүр. Ал кішкентай бала бағулы, қағулы – қасымда», – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Ерке бүгінде үш ұлдың анасы атанған. Оқырмандарының бірі оған: «Өзіңе ұқсаған бір қыз туып ал» деген кеңес білдірген.

Алайда әнші бұл ұсынысқа:

«Менің енді қыз тумайтынымды қабылдап, алаңсыз өмір сүріңіздерші. Үш ұлымызға Аллаға сансыз шүкір», – деп жауап қатты.