Махмұд Сабырхан Әлем кубогының алтыны үшін таласады

Махмұд Сабырхан Әлем кубогының алтыны үшін таласады

фото: kfb.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

55 келі салмақта Махмұд Сабырхан Болгария елінің боксшысы Ясен Радевпен финалға жолдаманы сарапқа салды. Жартылай финалда Махмұд Сабырхан қарқынды әрі ширақ қимылдары арқылы дәл соққылар жасап, қарсыласынан басым түсті. Қорытынды нәтиже бойынша 5:0 есебімен Махмұд, ақтық сынға өтті.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері ертең, 6 шілдеде өтеді.