Әлем чемпионы атанған қазақ қызы Әлем кубогының қола медалін еншіледі

Әлем чемпионы атанған қазақ қызы Әлем кубогының қола медалін еншіледі

фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Аида Әбікеева

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Аида Әбікеева жартылай финалда Түркия боксшысы Бусеназ Сюрменелимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен (5:0) есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін еншіледі.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері ертең, 6 шілдеде өтеді.