«Қайын ағасының көзінше күйеуіне асылды»: Сәкен Майғазиевтің келіні жұрт сынына ұшырады (ВИДЕО)

«Қайын ағасының көзінше күйеуіне асылды»: Сәкен Майғазиевтің келіні жұрт сынына ұшырады (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот

Сәкен Майғазиевтің келіні көпшіліктің назарын аударып, сынға қалды.

Желіде тараған бейнежазбада әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы мүшелері мен туыстары дастархан басына жиналған сәт бейнеленген. Кадрда әншінің ұлы Әділет пен келіні Әдия да бар. Видеода жас келін күйеуін көпшіліктің көзінше құшақтап, еркелеп тұрғаны байқалады.

Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік жас келіннің әрекетін сыпайылық пен инабаттылық шеңберінен шыққан деп бағалады.

Желіде жазылған кей пікірлер:

«Қайын аға, үлкендер отырғанда құшақтай беру ұят сияқты»

«Достарының жанында еркелесе жарасар еді, бұл жерде үлкендер отыр ғой»

«Сәкеннің туған ағасы көз алдында тұр, соның өзінде еркінсіп тұр»

«Әдепсіздік емес шығар, бірақ инабатты болу артық етпейді»

«Енесі немесе атасы бір ескерту айтса, ертең бәрі ене мен атаны жамандайды»

«Әлі жас қой, қатты сынамаңдар, бірақ көптің алдында өзін ұстау керек еді»