«Массаж үстелінде талай әйелдің дәмін көрдім»: Блогер ер азаматтарға үндеу жасады (ВИДЕО)

«Массаж үстелінде талай әйелдің дәмін көрдім»: Блогер ер азаматтарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Атышулы блогер Жанәділ Райымбеков әлеуметтік желіде ер азаматтарға арнап бейнеүндеу жариялап, әйелдердің ер массажистерге баруын қатаң сынға алды.

Блогердің айтуынша, ол танитын массажист ер адамдар әйелдерін басқа еркектерге сеніп тапсыруы – үлкен қателік деп есептейді.

«Менің массажист танысым еркек массажистке әйелін жіберетіндерді еркек қатарына қоспаймын дейді. Өйткені массаж үстелінде талай әйелмен жақын қатынаста болғанын өзі айтқан. Еркектің қолы әйелге, әйелдің қолы еркекке тисе, егер еш сезім оянбаса, бұл қалыпты жағдай емес – аурулық белгі. Кейбір мәзһабтарда еркектің қолы әйелге тисе, дәреті бұзылады дейді. Бұл жайдан-жай емес – себебі шариғат адам табиғатын жақсы түсінген», – деді Райымбеков.

Оның сөзінше, еркектің рухсыздығынан әйелдер шектен шығып, ар-намысты аяққа таптайды.

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді. Ерлердің жігерсіздігі салдарынан қазір қоғамда ар-намыс шекарасы бұзылып жатыр. Киімі бар сияқты көрінгенімен, шын мәнінде жартылай жалаңаш жүрген қыздардың, әдепсіз контент шығаратын бағдарламалардың көбеюіне де біз, ер азаматтар, кінәліміз», – деп мәлімдеді ол.

Блогер жігіттердің нағыз еркектік қасиетін рухпен, қызғанышпен, жауапкершілікпен өлшеу керек екенін айтты.

«Жігіттің мықтылығы – жүз жылқы айдаған айғыр сияқты емес, әйелін қызғанып, қорғай алуымен бағаланады. Ғұламалар: “Ер адамның діні мен қызғанышының деңгейі әйелінің киімінен байқалады” деген. Егер ер азамат отбасы үшін нақты шешім шығарып, басшылық жасаса, әйел ондай еркекті бұрынғыдан да қатты жақсы көреді екен», – дейді ол.

Сондай-ақ ол Пайғамбар (с.ғ.с) хадисін келтіріп, ер адамның қызғанышы мен жауапкершілігінің маңызын ерекше атап өтті.