фото: Dan Istitene/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина
Бүгін, 5 шілдеде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) Уимблдон турнирінің үшінші айналымында даниялық теннисші Клара Таусонмен (22-орын) кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы матчында армениялық Элина Аванесянды (WTA №49) 6:2, 6:1 есебімен жеңсе, екінші айналымда грек теннисшісі Мария Саккариді (№77) 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Клара Таусон алғашқы кездесуінде Ұлыбритания өкілі Хизер Уотсонды (№143) 2:6, 6:4, 6:3 есебімен, екінші матчында ресейлік Анна Калинскаяны (№39) 6:3, 7:6 нәтижесімен жеңді.