фото: SN.kz
Белгілі композитор әрі продюсер Бағым Мұхитденова әпкесі Баян Алагөзова жайлы сын айтқан әнші Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді.
Меруерт Түсіпбаеваның «Баян Алагөзова қазақ тілін білмейді» деген пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Бұл сөзге байланысты Баянның сіңлісі Бағым Мұхитденова қысқа да нұсқа пікір білдірді.
«Айтатын болсақ, бәрімізде ауыз бар. Бірақ маған әке-шешемнен ақылдылық дарыған. Біз сөйлеп емес, істеп көрсетеміз», – деп жазды ол өзінің парақшасында.
Бағымның бұл жауабы желі қолданушылары арасында екіұдай пікір туғызды. Бірі оның сабырлы әрі ұстамды ұстанымын қолдаса, енді бірі қоғамда болып жатқан мәселелерге үн қату маңызды екенін айтты.