Бүгін бокстан Әлем кубогында қазақ боксшылары жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді

Бүгін бокстан Әлем кубогында қазақ боксшылары жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді

фото: Тұрар Қазанғапов. Суретте: Айбек Оралбай

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогінде бүгін, 5 шілде күні, Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Жекпе-жектер екі сессияға бөлінген: күндізгі сессия 14:00-де, ал кешкі сессия 19:00-де басталады. Барлық кездесулер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Күндізгі сессия (14:00)

  • 1-жұп (B рингі): Әйелдер, 48 кг – Назым Қызайбай vs Хикару Синохара (Жапония)
  • 3-жұп (A рингі): Әйелдер, 60 кг – Виктория Графеева vs Санджу (Үндістан)
  • 4-жұп (A рингі): Әйелдер, 70 кг – Наталья Богданова vs Патрисия Мбата (Нигерия)
  • 6-жұп (B рингі): Ерлер, 50 кг – Санжар Ташкенбай vs Субхан Мамедов (Әзербайжан)
  • 9-жұп (A рингі): Ерлер, 80 кг – Нұрбек Оралбай vs Мерт Айбуга (Түркия)
  • 10-жұп (B рингі): Ерлер, 85 кг – Бекзад Нұрдәулетов vs Самет Эрсой (Түркия)

Кешкі сессия (19:00)

  • 1-жұп (B рингі): Әйелдер, 51 кг – Алуа Балқыбекова vs Каролин Барбоса де Алмейда (Бразилия)
  • 2-жұп (B рингі): Әйелдер, 57 кг – Айдана Забынбекова vs Жасмин (Үндістан)
  • 3-жұп (A рингі): Әйелдер, 65 кг – Аида Әбікеева vs Бусеназ Сюрменели (Түркия)
  • 4-жұп (B рингі): Әйелдер, 75 кг – Надежда Рябец vs Бусра Исильдар (Түркия)
  • 5-жұп (B рингі): Ерлер, 55 кг – Махмұд Сабырхан vs Ясен Радев (Болгария)
  • 6-жұп (A рингі): Ерлер, 65 кг – Ертуған Зейнуллинов vs Абхинаш Джамвал (Үндістан)
  • 7-жұп (B рингі): Ерлер, 75 кг – Сабыржан Аққалықов vs Нихил Дюбей (Үндістан)
  • 8-жұп (A рингі): Ерлер, 90 кг-нан жоғары – Айбек Оралбай vs Махаммад Абдуллаев (Әзербайжан)

Еске салайық, әлем кубогы жыл бойы бірнеше кезеңмен өтеді. Бұл рейтингтік жарыста әр салмақ бойынша чемпион – 300 ұпай, күміс жүлдегер – 200 ұпай, қола жүлдегерлер – 150 ұпайдан еншілейді.