"Реал" мен "ПСЖ"-ның клубтық әлем чемпионатындағы ойындарын қайдан көруге болады?

"Реал" мен "ПСЖ"-ның клубтық әлем чемпионатындағы ойындарын қайдан көруге болады?

фото: Stu Forster/Getty Images. Суретте: Фабиан Руис мен Хвича Кварацхелия

Бүгін, 4 шілдеден 5 шілдеге қараған түні футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі басталады. Sportinside.kz тілшісі осы матчтардың басталу уақыты мен оларды қайдан көруге болатыны туралы мәліметті ұсынады.

Ширек финал матчтары

"Аль-Хиляль" (Сауд Арабиясы) – "Флуминенсе" (Бразилия)
Матч 5 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Флорида штаты Орландо қаласындағы "Кэмпинг Уорлд" стадионында өтеді.
Басталу уақыты: 06:00

"Челси" (Англия) – "Палмейрас" (Бразилия)
Бұл кездесу 5 шілде күні таңертең Пенсильвания штаты Филадельфия қаласындағы "Линкольн Файнэншел Филд" стадионында өтеді.
Басталу уақыты: 23:55 (4 шілде)

ПСЖ (Франция) – "Бавария" (Германия)
Матч 5 шілде күні кешке Джорджия штаты Атланта қаласындағы "Мерседес-Бенц Стэдиум" аренасында өтеді.
Басталу уақыты: 21:00

"Реал Мадрид" (Испания) – "Боруссия Дортмунд" (Германия)
Соңғы ширек финалдық матч 6 шілдеге қараған түні Нью-Джерси штаты Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтеді.
Басталу уақыты: 01:00

Матчтарды қайдан көруге болады?

Клубтық әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңіндегі ойындарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, Qazsport.kz ресми сайтында да онлайн трансляция қолжетімді. Алайда ПСЖ – "Бавария" ойыны Qazsport телеарнасының 5 шілдеге арналған бағдарламасында белгіленбеген.