"Қобалжып жүрмін": Мирас пен Құралай жаңа отбасылық кәсібін бастады (ВИДЕО)

"Қобалжып жүрмін": Мирас пен Құралай жаңа отбасылық кәсібін бастады (ВИДЕО)

фото: SN.kz

Танымал өнер жұбы Мирас пен Құралай жаңа кәсіп бастағандарын жария етті.

Құралайдың Instagram парақшасында жарияланған жазбада, Мирас таза күмістен ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар жасайтын шеберхана ашқаны айтылған. Әнші Балқаш зауытынан арнайы 999 сынамалы күміс алдырып, бұйымдарын соның негізінде дайындауда.

Мирас бұл істі үлкен жауапкершілікпен бастап отырғанын айтып, шеберханадан бейнежазба бөлісіп, бұйымдардың жасалу барысын оқырмандарына көрсетті. Сонымен қатар, соңғы кезде темір-терсекке қызығушылығы артқанын да жасырмады.

«Алланың қалауымен бір істің тұсауын кесіп жатқан жайымыз бар. Сіздердің қолдауларыңызбен ісіміз алға бассын. Таза ниетпен, таза күмістен, қазақи нақыштағы бұйым жасайтын шеберханамыздамыз. Әр бұйым шебердің қолынан өтіп, ерекше ықыласпен жасалады», – деді Мирас.