Қазақстанға алғашқы Олимпиада жүлдесін сыйлаған қыз көлігімен мақтанды (видео)

Қазақстанға алғашқы Олимпиада жүлдесін сыйлаған қыз көлігімен мақтанды (видео)

фото: Tengrisport.kz. Суретте: Александр Ле

2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, қазақстандық мерген Александра Ле әлеуметтік желіде жаңа көлігін көрсетіп, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

21 жастағы спортшы қыз Volkswagen Touareg тізгіндеген сәтінен видео жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Алайда желі қолданушылары бірден сұрақ қойды: «Zeekr қайда?»

Еске салсақ, Олимпиада жүлдесіне орай оған Zeekr маркалы қытай көлігі сыйға берілген болатын.

Tengri Sport тілшісі Александрамен байланысып, бұл сыйлықтың тағдырын анықтады.

«Әкімдік сыйлаған Zeekr көлігін жарнама арқылы Touareg-ке айырбастадым. Себебі маған бұл көлікпен жүрген ыңғайлы. Табиғатқа шыққанда немесе үлкен чемодандарды тасымалдау үшін кең көлік тиімді», – деді Александра.

Айта кетейік, Александра қазіргі таңда тізгіндеп жүрген Volkswagen Touareg көлігінің жаңа үлгісінің бағасы 13 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Александра Ле 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Ислам Сатпаевпен бірге пневматикалық винтовкадан 10 метрге ату (микст) сайысында қола медаль жеңіп алып, Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлаған еді.