Сәкен Майғазиевтің тойына ұқсас: Қайрат Нұртас та концертін онлайн көрсетпек

Сәкен Майғазиевтің тойына ұқсас: Қайрат Нұртас та концертін онлайн көрсетпек

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас алдағы жеке концертіне қатысты тың идея ұсынып, жанкүйерлерінен пікір сұрады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші өзінің Instagram парақшасында 7 шілде күні Астана қаласында өтетін ән кешін Telegram желісі арқылы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл бастама – елімізден тыс жерде жүрген тыңдармандар үшін үлкен мүмкіндік.

«Ассалаумағалейкүм, менің сүйікті тыңдармандарым! 7-шілде күні Астана қаласында өтетін жеке ән кешімді тікелей эфирде телеграмм арқылы көрсетілім жасасам қалай ойлайсыздар? Себебі, шет елдерден де тыңдармандарым өте көп. Бәрі көргісі келеді деп ойлаймын. Иә немесе жоқ деген жауап қалдырыңыздар! Сіздер не айтасыздар, сол болады», – деп жазды Қайрат Нұртас.