Өзінен 16 жас кіші екінші әйелінің туған күнін тойлаған Абай Бегейдің басы дауға қалды

Өзінен 16 жас кіші екінші әйелінің туған күнін тойлаған Абай Бегейдің басы дауға қалды

фото: Әлеуметтік желіден

Эстрада жұлдызы Абай Бегей Ақтауда әйелі Фаризаның туған күнін дүркіретіп атап өтіп, тағы бір дауға ілікті. Түн ішінде жасалған отшашу көршілердің мазасын алып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Бұл әрекет қазіргі заң бойынша «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланады.

Түн тыныштығын бұзды

Әншінің әйелі Фариза әлеуметтік желіде туған күнін атап өтіп жатқан сәттен видео жариялап, сол сәтте әуеге атылған салют елдің наразылығын тудырған. Тұрғындардың бірі желіде:
«Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 00:00-де қатты музыка қойып, салют атқаныңыз дұрыс болмады. Балам шошып, бір сағат жылады. Біз сіздің дәл қасыңыздағы көршіміз» — деп жазды.

Заң не дейді?

Қазіргі заңнамада мұндай әрекет үшін әкімшілік жаза көзделген. 2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа өзгерістер бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабында («Ұсақ бұзақылық») 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза қарастырылған. Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жаза мерзімі де артады.