«Өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын»: Бота Миа күйеуіне қатаң ескерту жасады

«Өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын»: Бота Миа күйеуіне қатаң ескерту жасады

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Бота Миа мен Асқар

Taboo бағдарламасына сұхбат берген танымал блогер Бота Миа келіндік өмірге деген көзқарасын ашық жеткізді.

Асқар есімді азаматпен тұрмыс құруға дайындалып жүрген блогер алғашқы кездесуден бастап өз ұстанымын нақты білдірген. Ол болашақ жарымен ата-енемен бірге тұрмайтынын және жеке отбасы ретінде бөлек шығу қажет екенін ашық айтқан.

«Мен Асқарға бастапқыда-ақ айттым: өмірімді ата-енеге қызмет көрсетумен өткізе алмаймын. Кейін бірге тұрамыз деген жағдайда түсініспеушіліктер туындайды. Менің ойымша, үйленген соң әр отбасы өз әлемін құруы керек. Әрине, ата-енемді жиі барып көріп, көмектесіп тұрамын, түсіп барған соң бір ай бірге болуға да қарсы емеспін. Бірақ толық өмірімді соларға арнай алмаймын», – деді Бота Миа.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі блогердің ойын қолдап, қазіргі заманғы жас отбасыға жеке кеңістік керек десе, енді бірі қазақы дәстүрге сай келіннің ата-енеге қызмет етуі парыз екенін алға тартты.

Қолдаушылар: «Басында келісіп алған дұрыс», «Бөлек шыққан отбасыда ұрыс-керіс те аз болады», «Заманауи келіндер өз пікірін айтуға құқылы».

Сынаушылар: «Қазақ келіні ата-енеден бөлек тұра алмайды», «Қартайғанда кім қарайды?», «Бұл – өзімшілдіктің белгісі».