«Маған ауыр тиді»: Әбиба Әбужақынова Олимпиададағы сәтсіздігі туралы ешкім білмейтін шындықты айтты

«Маған ауыр тиді»: Әбиба Әбужақынова Олимпиададағы сәтсіздігі туралы ешкім білмейтін шындықты айтты

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Әбиба Әбужақынова

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова YouTube-тегі "Бірінші Бол" арнасына берген сұқбатында Олимпиадада жүлдеге іліне алмауының себебін ашық айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әбиба Әбужақынованың айтуынша, ол Олимпиадаға физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да толық дайын болмаған.

«Олимпиададағы жеңіліс мен үшін өте ауыр тиді. Бұған дейінгі турнирлердің барлығында жүлделі орын алған едім. Бірақ Олимпиадада үшінші орын үшін белдесуде жеңіліп қалдым», – дейді спортшы.

Ол Париждегі ойындарға жақсы бабында келмегенін атап өтті.

«Бабымда болмадым. Олимпиада алдында өткен әлем чемпионатында бабымда болдым. Бірақ Олимпиадаға дайын емес болдым. Кейін бапкерлермен талқыладық: негізі мен әлем чемпионатына қатыспай, бар күшімді Олимпиадаға сақтағаным дұрыс болатын еді», – деп ағынан жарылды Әбиба Әбужақынова.