фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
Танымал әзілкеш әрі продюсер Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанованың ресми түрде ажырасқаны жайлы ақпарат Instagram желісінде таралып, көпшіліктің талқысына түсті. Бұл жаңалықты блогер Мүнира Абдуали өз парақшасында жариялап, әйелдерге арналған ой саларлық жазбасымен бөлісті.
«Қиын сәттерде жанында болған адамыңнан ажырау – жүрекке ауыр тиеді. Бірақ өмір бір орында тұрмайды», – деген блогер әйелдерге ақыл мен білімнің сұлулықтан әлдеқайда маңызды екенін еске салып өтті.
Ол заманауи әйел өзін жоғалтпай, өз-өзіне көңіл бөлуі керек екенін баса айтты:
«Күйеуің басқаға кетсе де, тоқал алса да – фокус өзіңде болсын! Жеке дамуыңа, рухани өсуіңе мән бер».
Жазба соңында Мүнира ханым:
«Тұрсынбектің кіммен ажырасқаны, кіммен қосылғаны мен үшін маңызды емес. Мен оны өнер адамы ретінде құрметтеймін», – деп пікірін білдірді.