фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова
Продюсер әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, көзіне жас алды.
Мөлдір Мұқанова қазіргі уақытта кино түсіріп жатқанын айтып, аталған туындының қараша айында жарыққа шығатынын жеткізді.
«Көңілім қатты босап тұр, шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Адамның қолынан бәрі келетінін түсіндім. Бүгін – түсірілімнің соңғы күні. Осы уақытқа дейін мені қолдап, жылы сөзін аямай жатқан барша жанға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің жылы лебіздеріңіз маған шабыт сыйлап, алға ұмтылуға күш беріп жатыр. Баршаңызды қарашада болатын кино көрсетілімінен күтемін», – деді ол видеоүндеуінде.