фото: Әлеуметтік желіден. Төреғали Төреәлі мен әкесі
Әнші Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сахнамен қоштасатынын мәлімдегеннен кейін, көпшілік бұл шешімге не түрткі болғанын қызу талқылауда.
Осы орайда Threads платформасында бір қолданушының пікірі ерекше назар аудартты. Ол Төреғалидің өнерден кетуіне әкесі Төреәлі Төлепов себеп болды деген ойын білдірді:
«Жақсы баланы бүлдірген әкесі. Баласының аты шыққанда, әкесінің көкірегі көтеріліп кетті. Төреғали бәрін түсініп, өзі тоқтатуға шешім қабылдады. Жарайсың», – деп жазды автор.
Бұл пікірге өзге қолданушылар да қолдау білдіріп, Төлеповтің мінез-құлқын сынға алды:
«Баласының арқасында көкірегіне нан піскен»;
«Ауыр болса да, сөзіңіздің жаны бар»;
«Әкесі де, өзі де мақтаншақ».
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің әкесі, продюсер Төреәлі Төлепов ұлының өнерден кетуіне қарсы екенін және бұл шешімді қабылдамайтынын жазған болатын.