фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
Әзілкеш әрі актер Тұрсынбек Қабатовтың өз жұбайы Мөлдір Мұқанованы туған күнінде ернінен сүйіп, гүл сыйлаған сәті желіде таралып, қызу талқылануда, деп Sportinside.kz тілшісі Kursiv Media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көптің назарына іліккен бейнежазбада Қабатов әйелімен ұзақ құшақтасып, бір шоқ алқызыл гүл ұсынады. Видео «Туған күнім осылай басталды» деген жазумен жарияланған. Желі қолданушыларының болжауынша, видеоны Мөлдір Мұқанованың өзі бөліскен болуы мүмкін.
Кадр сыртынан бір қыздың «Аға, нағыз джентльмен екен!» деген даусы естіледі. Қабатовтың бұл әрекетін біреулер романтикалық қадам деп қабылдаса, енді біреулер шынайылықтан гөрі "көрерменге арналған спектакль" деп сынап жатыр.
Желіде:
– «Өтірікпен өрілген өмір. Енді кімге сенеміз?»
– «Бұл хайп болмаса не? Қоғамға шынайы қарым-қатынас керек»
деген секілді пікірлер жазылуда.