"Түрікше жібереді екен": Назым Қызайбайдың түрік тілінде сөйлегені жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

"Түрікше жібереді екен": Назым Қызайбайдың түрік тілінде сөйлегені жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот. Суретте: Назым Қызайбай

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбайдың түрікше сөйлеген видеосы желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Видеода Назым Қызайбай түрік боксшысының жекпе-жегі кезінде трибунадан тұрып көмек көрсетіп, кеңесін айтып тұрды. Ол осы сөздердің бәрін түрік тілінде айтып, қалай соққы жасау керек екенін айтты. 

Желі қолданушылары да бұл видеоға өздерінің жылы пікірлерін жазып, Назым Қызайбайдың түрік тілі деңгейіне жоғары баға берді.