"Екінші алған әйелі жадыратып жіберіпті": 88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтің келбетіне жұрт сүйсінуде (ВИДЕО)

"Екінші алған әйелі жадыратып жіберіпті": 88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтің келбетіне жұрт сүйсінуде (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот. Суретте: Нұрғали Нүсіпжанов

Қазақ эстрадасының аңызы, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасында да тың көрініп, көпшілікке шабыт сыйлап жүр. Әлеуметтік желіде ел ағасының өміріне, сырт келбетіне және жас жұбайы Жадыра Сейдештің қамқорлығына байланысты жылы пікірлер толассыз жазылуда.

Көпшілік Нұрғали ағаның әлі күнге дейін сахнада жүргенін үлгі тұтады. Желі қолданушылары:

«Жасы 90-ға келіп қалса да, кукладай көрінеді»,

«Күйеуін жасартып, сықитып қойғаны үшін Жадыра ханымға мың алғыс»,

«Мына кісі бала кезімізден осындай еді, әлі сол қалпында»,

«Жеңгеміз өзі сұлу, өзі инабатты, күйеуінің қасынан бір елі шықпай, бәріне үлгі», – деп жазуда.

Кейбір қолданушылар Жадыра Сейдештің ақылды келін, қамқор жар ретінде Нұрғали ағаның жас әрі көркем көрінуіне үлкен үлес қосып жатқанын ерекше атап өткен. Сонымен қатар:

«Көп келіндер татуаж бен ашық-шашық киім киіп, қастарындағы ерлері әбіржіп жүреді. Ал Жадыра ханым күйеуін сәндеп, жарасымды етіп ұстап отыр. Неткен даналық!» – деп пікір білдіргендер де бар.

Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш 2019 жылы шаңырақ көтерген болатын. Жас айырмашылығына қарамастан, олардың жұбы елге үлгі боларлықтай жарасымды. Желіде:

«Жадыра жадыратып жіберіпті»,

«Жеңгемізге мың алғыс, ағамызды жастардан кем қылмай көрсетіп жүрген»,

«100 жасаңыз!», – деген ақжарма тілектер көптеп жазылуда.

Бүгінде халық оларды өнер мен өмірде бірін-бірі қолдаған, сүйіспеншілік пен сыйластыққа құрылған жұп ретінде бағалап отыр.