"Бір Құдай сақтады": Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)

"Бір Құдай сақтады": Әнші Маржан Арапбаева жол апатына ұшырады (ФОТО)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Маржан Арапбаева

Танымал эстрада әншісі Маржан Арапбаева жол апатына түсіп қалғанын мәлімдеді.

Өнер иесі болған жайтты өзінің Instagram Stories парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, оқиға Астанаға бара жатқан жолда, түнде орын алған.

“Бір Құдай сақтады. Зорға жеттік Астанаға. Трассада жол апатына ұшырап, Алланың қалауымен үйімізге аман-есен жеттік. Бұл – бір сынақ немесе "абайла" деген ескерту шығар. Өмірдің қадірін ерекше түсініп қалдық. Аман қалғанымыз – бір Тәңіріміздің қорғағаны. Сансыз шүкір!” – деп жазды әнші.