Паралимпиада чемпионына 14 млн тұратын көлік сыйға тартылды (фото)

Паралимпиада чемпионына 14 млн тұратын көлік сыйға тартылды (фото)

фото: THIBAUD MORITZ/AFP via Getty Images. Суретте: Ақмарал Науатбек

Париждегі Паралимпиада ойындарының жүлдегері, қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек су жаңа көлік иесі атанды. Бұл ерекше сыйды оған Қарағанды облысының дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев тарту еткен, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы қыз Instagram парақшасында Kia K5 көлігімен түскен суретін бөлісіп, тосын сый алғанын қуана жеткізген.

1bol.kz сайтының ақпаратына сәйкес, Kia K5 үлгісіндегі темір тұлпардың еліміздегі құны шамамен 14 миллион теңгеден басталады. Автокөлікті сыйға тартқан Тимур Тұрсымбаев – Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының басшысы ғана емес, сонымен қатар Азия дзюдо одағының маркетинг және даму жөніндегі директоры және JENYS кәсіби дзюдо клубының бас директоры.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақыноваға да көлік сыйланған болатын. Бұл туралы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері әлеуметтік желіде бөліскен еді.