"Сүйінші хабар, ұлды болды": белгілі журналист Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті (фото)

"Сүйінші хабар, ұлды болды": белгілі журналист Руслан Өтепбай қуанышты жаңалығын бөлісті (фото)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Руслан Өтепбай

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші хабарды айтып, көпшілікті қуантып қойды.

"Сүйінші, ағайын! Қарындасым мен күйеубалам ұлды болды. Ал мен көке атанып жатырмын. Естеріңізде болса, қарындасымды тура бір жыл бұрын дәл осы күні ұзатқанбыз. Араға бір жыл салып, тура сол күні босанды. Маған да сіздерге де жұғысты болсын", – деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист аяқтарынан тік тұрып қызмет еткен Алматы қаласындағы №3 перзентхана ұжымына өз алғысын білдірді.