фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Абай Бегей мен әйелі
Эстрада әншісі Абай Бегейдің жары Фариза туған күнін жақындарымен атап өтіп, әлеуметтік желіде қуанышымен бөлісті.
«Бүгін дүние есігін ашқан күнім. Жаңа жасым берекемен келсін. Жақындарым жанымда – менен асқан бақытты адам жоқ», – деп жазды ол жеке парақшасында.
Алайда бұл кеш барлық көршілер үшін қуанышқа толы болмады. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы көршілердің бірі түн ішінде атылған салют пен қатты дыбыстан шошынғанын жазып, наразылық білдірді:
«Туған күніңізбен! Бірақ түнгі 00:00-де қатты ән қойып, салют атуды тоқтатсаңыздар екен. Балам шошып, бір сағат бойы жылады. Біз сіздердің тура көршілеріңізбіз», – деп пікір қалдырды желі қолданушысы.