Әлем кубогы: бүгін қазақ боксшылары ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді

Әлем кубогы: бүгін қазақ боксшылары ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді

фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нұрбек Оралбай

Бүгін, 3 шілдеде Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының жеті боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Күні бойы өтетін бәсекелерді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Күндізгі сессия сағат 14:00-де, ал кешкі сессия 19:00-де басталады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:

Күндізгі сессия

3-жекпе-жек (ринг A) – Әйелдер, 70 кг
Наталья Богданова (Қазақстан) – Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)

5-жекпе-жек (ринг B) – Ерлер, 60 кг
Серік Теміржанов (Қазақстан) – Сунсукэ Китамото (Жапония)

10-жекпе-жек (ринг A) – Ерлер, 80 кг
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Лакшья Чахар (Үндістан)

Кешкі сессия

2-жекпе-жек (ринг B) – Әйелдер, 57 кг
Айдана Забынбекова (Қазақстан) – Алисса Мендоса (АҚШ)

3-жекпе-жек (ринг B) – Ерлер, 55 кг
Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Аарон Джуд Бадо (Филиппин)

6-жекпе-жек (ринг B) – Ерлер, 75 кг
Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Джошуа Офори (Канада)

8-жекпе-жек (ринг A) – Ерлер, 90+ кг
Айбек Оралбай (Қазақстан) – Диего Ленци (Италия)