«Біраз әңгіме естіп, уайымдап қалдым»: Қайрат Нұртастың анасы жұрты алаңдатып қойды

«Біраз әңгіме естіп, уайымдап қалдым»: Қайрат Нұртастың анасы жұрты алаңдатып қойды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Жетісайда өткен концертіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялап, оңтүстік өңірдегі жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Айтуынша, халықтың ыстық ықыласы мен ұзақ уақыт бойы күтіп тұрғаны оны бір жағынан қуантса, екінші жағынан уайымға салған.

«Жетісайда елдерден біраз әңгіме естіп, бір жағы қуансам, бір жағы уайымдап қалдым, ауырып қалмаса болар еді деп… Үлкен апалар мен әжелер немерелерін ертіп таңғы 11-де келіп алыпты. Қайратты көреміз деп. Көбі көрші ауылдан келген екен. “Апа, Қайрат кешкі 8-де болады, күн ыстық, терлеп кетіпсіздер” десе де, кетпей күтіпті. Алла жүрегі баламыз деп елжіреген аналарымызға ғұмырлы өмір берсін!» – деп жазды продюсер.

Айдарбекова халықтың ықыласына ризашылығын білдіре отырып, 6 мыңнан астам адамның әншіні күткенін ерекше атап өтті.

«Тек аналарымыз емес, еңбектеген баладан бастап жастарымыз да толып отырды. Жетісай халқына алғысымыз шексіз! Алла бұйыртса, 7 шілде күні Астана қаласында өтетін KN ән кешінде баршаңызды күтеміз!» – деді ол.

Желі қолданушылары мен тыңдармандар жылы пікірлерін қалдырды:

– «Жетісайға келгендеріңізге рақмет, бір марқайып қалдық»,
– «Қайрат халықтың көңілін қалдырмайтын нағыз өнер адамы»,
– «6000 адамның алдында абыроймен өнер көрсеткеніне риза болдық».