"Әйел сияқты жыла": Мұхамеджан Тазабектің сөзі желіні шулатты (фото)

"Әйел сияқты жыла": Мұхамеджан Тазабектің сөзі желіні шулатты (фото)

Мұхамеджан Тазабек Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялады. Онда ол Испания мемлекеті туралы, ол жаққа сапар жөнінде жазды.

"Еркек сияқты соғыса алмадың, енді әйел сияқты жыла!

Испанияға жолым түссе, оңтүстігіне аңсарым ауып тұрады. Осы сапарымда да отбасыма әулиелердің ізі қалған - Пиреней түбегіндегі соңғы Ислам мемлекеті ғұмыр кешкен тарихи аймақты таныстырып, көрсеткім келді.

Біз келген Гранада - Андалусияның жүрегі. Бұл өңірге мұсылмандар алғаш рет 711 жылы Тариқ ибн Зиядтың басшылығымен келген. Аз ғана уақыттың ішінде ислам мәдениеті бүкіл Иберия түбегін қамтып, ғылым мен өнердің, рух пен сауданың алтын ғасыры басталды. Орта ғасырларда тарих сахнасына шыққан Еуропа ренессансының да бастауында - осы Андалусия өркениеті тұрғаны әлемге әйгі", – деп жазды ол.