«70 пайыз төлем жасап қойдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды

«70 пайыз төлем жасап қойдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтардың құрбаны болды

Танымал актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова пәтер жөндеуі кезінде алаяқтарға алданғанын айтып, көпшіліктен сақ болуды ескертті.

Өнер иесінің айтуынша, ол осыдан екі жыл бұрын жиһаз жарнамасымен кең танылған бір компанияға сеніп, келісімшарт жасап, 70 пайыз алдын ала төлем аударған. Алайда уәде етілген мерзімде жиһаз жеткізілмеген. Ең сорақысы, компания өкілдері актрисамен мүлдем байланысқа шықпай, оны бұғаттап, мекенжайларын жалған көрсеткен.

"Бұдан үлкен сабақ алдым. Қазір бәрін өз көзіммен тексермейінше, ешкімге сенбеймін", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сонымен қатар актриса соңғы кездері жүйкесінің сыр беріп жүргенін де жасырмады. «Демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті», – деп бөлісті ол ашынған жазбасында.