фото: instagram.com/england. Суретте: футболдан Англия құрамасының ойыншылары
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Англияға қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кездесу 8 қыркүйекте Қазақстанда өтеді. "Серый CARDINAL" Telegram арнасының мәліметінше, матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда ұйымдастырылады. Бұл – "Ақтөбе" клубының негізгі аренасы, стадион 13 мың көрерменге арналған.
Айта кетейік, жастар құрамалары арасындағы бұған дейінгі екі ойын 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өткен болатын. Екеуінде де Англия жеңіске жеткен: есеп – 1:0 және 3:0 болған.
Англияның жастар құрамасы қазіргі уақытта Еуро жеңімпазы саналады. Олар 2024 жылдың 28 шілдесінде Братиславада (Словакия) өткен финалда Германияны 3:2 есебімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Қазақстан U-21 құрамасы Еуро-2027 турнирінің іріктеу кезеңіне қатысып жатыр. Біздің команда D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен бақ сынасады.
5 маусымда өткен алғашқы іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Андорраны 1:0 есебімен жеңген болатын.