Соңғы күндері Мұхтар мен Мөлдірдің бірлескен жобасы немесе бірге түсірілген бейнежазбасы TikTok пен Instagram желісінде қызу талқылануда. Олардың дуэті кейбір тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленсе, енді біреулер сыни пікір білдіріп жатыр.
«Керемет», «Жарасып тұр», «Мөлдір өте әдемі» деген секілді пікірлер жиі кездессе, керісінше, бірқатар қолданушылар бұл жұпқа көңілі толмайтынын ашық жазған. Олардың айтуынша, «талант жоқ», «ырбаңдаған қылық» көп деген сындар айтылып, бірқатар желі қолданушылары Мөлдірдің соңғы кездердегі стилі мен әрекетіне наразы.
Арасында отбасылық құндылыққа назар аударғандар да болды:
«Әншілердің әйелдеріне не болған? Байлары бір жақта, өздері бір жақта. Не үлгі қыздар мен балдарға?» – деп жазған желі қолданушысы отбасылық тепе-теңдік мәселесін көтерді.
Бұған қарсы пікір білдіргендер де табылды:
«Неге сонша негатив жазасыздар? Ұнамаса, үндемей өтіп кетуге болмай ма? Мөлдірдің фанаты емеспін, бірақ әйел болған соң осындай болсын – мейірімді ана, сүйікті жар» – деп әйелге деген мейірім мен түсіністік танытуға шақырды.
Бір қолданушы өзекті түйінмен аяқтады:
«Алла сақтасын! Бізге жау керек емес – өзімізге өзіміз жаумыз. Жылы сөзді артығырақ айта бер, жаның содан жарлы болмайды!»