«Басқа отбасыға кетті деп еді ғой?»: Тұрсынбек Қабатов ел алдына шықты (видео)

«Басқа отбасыға кетті деп еді ғой?»: Тұрсынбек Қабатов ел алдына шықты (видео)

фото: Видеодан скриншот

Соңғы уақытта танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасы төңірегінде түрлі алып-қашпа әңгімелер желдей есіп жүр. Біреулер оның денсаулығы сыр берді десе, енді бірі басқа отбасымен бірге тұрып жатыр деген болжамдар жасауда.

Алайда жуырда әзілкештің қызы Айым Тұрсынбекқызы Instagram парақшасына әкесімен бірге түсірілген бейнежазба жариялап, ел ішіндегі өсек-аяңға нақты жауап бергендей болды. Видеода әкелі-балалы екеуі көңілді күйде би билеп, елдің жүрегін елжіретті.

Желі қолданушылары бұл сәтке қуанып, пікірлерін қарша боратты:

«Бәрі өтірік болғаны ма, тым жақсы жүр ғой»,
«Басқа отбасыға кетті деп еді ғой»,
«Бақытты болыңыздаршы, ұл-қыздарыңыз да өсіп қалыпты»,
«Тұрсынбектің қыздары бірінен-бірі өткен сұлу», – деп жылы лебіздерін білдірді.